«Астана» чемпион атануға жақын

Футболдан Қазақстан премьер лигасында кезекті турдың ойындары өтті, деп хабарлайды SportX.kz.

Атырауға сапар шеккен «Астана» толыққанды үш ұпай олжалап қайтты. Шиеленісті өткен кездесудің 87 — минутында төреші белгілеген он бір метрлік айып добын қақпаға дәл бағыттаған Алексей Щеткин, ойын тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы атанды. Ретін тауып кезекті ұпайды қоржынға салған Григорий Бабаянның командасы чемпиондық атаққа тағы  бір табан жақындай түсті.

«Атырау» — «Астана» 0:1 (0:0) 

Гол: Щеткин (87) пенальтиден.

Қалған ойындардың нәтижесі мынадай:

«Ақтөбе» — «Ертіс» — 2:0

«Қайсар» — «Қайрат» — 1:2

«Жетісу» — «Ордабасы» — 1:1

«Қызылжар» — «Шахтер» — 2:1

«Ақжайық» — «Тобыл» — 0:1

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз