Лозанна қаласында өткен Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалына шыққан командалардың жеребе тастау рәсімі өтті. Сол рәсімнің нәтижесі бойынша  «Астана арландарының» WSB жобасының жартылай финалдағы  қарсыласы анықталды,- деп хабарлайды  Worldseriesboxing.com сайты.

Жалпы дәстүрлі жоба жетекшілері   сегізінші  маусымның плей-офф  кезеңі аясындағы бәсекелерді, жартылай сыннан бастағанды  жөн деп шешкен еді.Сонымен  плей-оффта   топтық  кезеңде үздік шыққан -«British Lionhearts», «France Fighting Roosters», «Astana Arlans  және «Cuba Domadores» командалары күш сынасатын болады. Нұрлан Ақүрпековтің  шәкірттері ұлыбританиялықтармен қолғап түйстірсе, екінші  жартылай финалдық жұпты Куба мен Франция боксшылары  құрады.

Жартылай финалдық бәсекелер 18-19 және 25-26 мамыр күндері өтеді.

 

 

Пікір жазыңыз