Шындығында бұл айта жүретін айқас болды. Отандық клуб «Астана Арланс» Бүкіләлемдік бокс сериясының бірінші жартылай финалдық матчында британиялық «Бритиш Лайнхартс» клубын қапы қалдырды. Шеффилдтегі матчтық кездесу 3:2 есебімен қазақ боксшыларының жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды SportX.kz.
«Астана Арланс» сапында Ілияс Сүлейменов, Ділмұрат Мәжітов және Әбілхан Аманқұл өз жекпе-жектерін жеңіспен аяқтаса, Арбек Әбдуғаниев пен Теміртас Жүсіпов қарсыластарына жол беріп алды. Екі клуб арасындағы жартылай финалдық қарымта матч, 26 мамыр күні Атырау қаласында өтеді.