Күрестен еліміздің әйелдер құрама командасы олимпиада чемпионы Александр Медведьтің жүлдесі үшін өткен Гран-приден бес медаль олжалап қайтты, деп хабарлайды SportX.kz.
55 келіде белдескен Марина Седнева дүбірлі жарыста алтыннан алқа тақты. Қазақстандық бұрымды балуан ақтық сында ресейлік құрбысынан алда болды. 50 келіде күш сынасқан Валентина Исламова ақтық сында мүлт кетсе, Айша Уәлихан, Екатерина Лариолнова және Жәмила Бақберген елге қола жүлдемен оралды.
Олимпиадалық ойындардың үш дүркін чемпионы Александр Медведьтің жүлдесі жолындағы Гран-при жыл сайын өткізіліп тұрады. Минскі боз кілеміндегі белдесулер кезегі енді грек-рим және еркін күрес шеберлеріне тиеді.