«Алтын доптан»- отыз футболшы дәмелі

Францияның France Football басылымы «Алтын доп -2018» жүлдесінен үміткер 30 футболшының есімдерін атады, деп хабарлайды SportX.

2018 — жылдың үздік футболшысы сыйлығынан он клубтың өкілдері үмітті. Әзірге бұл сыйлықтың иегері, былтыр осы номинация бойынша үздік атанған португалиялық футбол баһадүрі — Криштиан Роналду.

Сонымен France Football атаған отыз үміткермен таныс болыңыздар:

Алиссон, Гарет Бейл, Серхио Агуэро, Эдинсон Кавани, Карим Бензема Тибо Куртуа, Криштиану Роналду, Кевин де Брюйне, Роберто Фирмино, Диего Годин, Антуан Гризманн, Эден Азар, Н’Голо Канте, Харри Кейн и Иско, Уго Льорис, Марио Манджукич, Садио Мане, Марсело, Килиан Мбаппе, Лионель Месси, Лука Модрич, Неймар, Ян Облак, Поль Погба, Иван Ракитич, Мохамед Салах, Серхио Рамос, Луис Суарес, Рафаэль Варан.

«Алтын доп-2018» жүлдесін тапсыру яғни марапаттау рәсімі 3- желтоқсан күні Парижде өтеді. Реті келіп тұрғанда айта кетейік, сонау 2008- жылдан бері мәртебелі жүлдеге, тек Лионель Месси мен Криштиану Роналду лайық болып келген. Бұл екеуі «Алтын допты» бес реттен иеленген.

 

Пікір жазыңыз