Алмейда Әзербайжанға жиналды

«Астана» сапындағы әзербайжандық легионер Ричард Алмейда өз елінің құрамасынан шақырту алыпты, деп хабарлайды  SportX.kz.

7- қыркүйекте Әзербайжан Ұлттық Лига аясында Косово құрамасын қабылдайды. Одан соң Гурбан Гурбановтың шәкірттері сырт алаңда Мальтамен күш сынасатын болады.

Әзербайжан елінің азаматтығын алған тегі бразилиялық Ричард Алмейда, 2017 бері жасыл алаңда жаңа отанының намысын қорғап келеді. 2012 жылдан бастап «Қарабахтың» сапында ойнаған 29 жастағы футболшы осы жаз «Астана» қосына өтті.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз