Әлидің қарсыласы өзінен жеті келіге ауыр

Жеңілістің ащы дәмін татпаған тағы бір қазақ шаршы алаңда дауыл тұрғызуға дайын. 8- тамыз күні  Hollywood Fight Nights 2 бокс кешінде жерлесіміз Әли Ахмедов (11-0, 8 КО) америкалық Хорхе Эскалантемен (9-1-1, 6 КО) жұдырық түйістіреді, деп хабарлайды SportX.kz.

Мұхиттың арғы бетінде атой салып жүрген кәсіпқой боксшыларымыздың бірі- Әли Ахмедов. Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Әли, әзірге жеңіліп көрген жоқ. Артта қалған он бір кездесуде, қарсылас шыдатпаған жерлесіміз, сегіз жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған. 22-жастағы боксшының жиған-тергені де аз емес. Әли WBC тұжырымының жастар арасындағы чемпионы деген дардай атақтың иегері. Сонымен қатар  NABF Junior тұжырымының да чемпионы атанған.

Бүгін түнде жерлесіміз 33 жастағы америкалық боксшы Хорхе Эскалантемен кездеседі. Кеше боксшылар матч алдындағы таразыға тартылу рәсіміне қатысты. Қызық болғанда Әли Ахмедов қарсыласынан жеті келіге жеңіл болып шығыпты. Қазақстандық боксшының салмағы 176,6 фунт (79,83 келі), ал Эскалантенікі — 190,6 фунт (86,45 келі) көрсетіпті. Алдағы жекпе-жектің форматы он екі раундқа есептелген.

Пікір жазыңыз