Қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (13-0, 10KO) кезекті қарсыласын ұрып жықты, деп хабарлайды SportX.kz.
Коста-Меса қаласында (Калифорния штаты, АҚШ) өткен бокс кешінде қазақтың батыры тағы да жеңіске жетті. Әли бұл жолы мексикалық Джовани Хавьер Гоместі (17-14, 11КО) мұрттай ұшырды. Сөйтіп, сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жектің тағдыры алғашқы раундта-ақ шешілді. Әлі күнге жеңілістің ащы дәмін татпаған Әли Ахмедов, осылайша Солтүстік Американың NABF Junior чемпионы деген атағын қорғап қалды.
Мұның алдында жерлесіміз Калифорнияда өткен Hollywood Fight Nights 2 бокс кешінде америкалық Хорхе Эскалантені (9-1-1, 6 КО) төрт раундқа шыдатпай жеңіске жеткен болатын