Әли Ахмедовке әлі жететін боксшы табылмай тұр

Қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (12-0, 9KO) келесі жекпе-жегін 11 қазан күні Коста-Меса қаласында (Калифорния штаты, АҚШ) өткізеді, деп хабарлайды SportX.kz.

Жеңіліп көрмеген қазақтың 23-жасар батыры бұл жолы ринг төрінде мексикалық Хавьер Гомеспен (17-14, 11КО) қолғап түйістіреді.

Әли мұның алдында америкалық Хорхе Эскалантемен (9-1-1, 6 КО)  кездескен. Калифорнияда өткен Hollywood Fight Nights 2 бокс кешінде жерлесіміз қарсыласын кездесудің төртінші раундында техникалық нокаутпен ұтқан болатын.

Әлидің проумотері  өзінің отандасы Геннадий Головкиннің ісін жүргізетін танымал маман Том Леффлер болып табылады.

Пікір жазыңыз