Алғашқы айналымды артқа тастады

Вашингтонда жүлде қоры 250 000 АҚШ долларын құрайтын (WTA ) турнир өтуде. Еліміздің үздік ракеткасы Юлия Путинцева бірінші айналымда германиялық теннисші Татьяна Марияға дес бермеді, деп хабарлайды SportX.kz.

Дәстүрлі жарысқа сегізінші нөмірмен терілген жерлесіміз кездесудің фавориті саналған. Айтқандай-ақ білгенінен жаңылмаған қазақстандық теннисші қарсыласынан мықты екенін корттағы ойынымен дәлелдеп берді. Алғашқы сетте 6:3 есебімен басымдылық танытқан Юлия, келесі сетте де үздік шықты. Кездесу нәтижесі- 6:3,6:4. Путинцеваның келесі айналымдағы қарсыласын Дженнифер Брэйди мен Наталья Вихлянцева арасындағы матч анықтап береді.

Әлемнің екінші ракеткасы Каролин Возняцки (Дания) оң аяғынан алған жарақатына байланысты Вашингтондағы турнирден бас тартуға мәжбүр болды. Турнирдің төртінші ракеткасы ресейлік Екатерина Макарова алғашқы айналымнан мүлт кетті. Ресей теннисінің өкілі екі сеттегі бәсекенің нәтижесі бойынша румыниялық Ана Богданға жол берді.

АҚШ астанасындағы жарыстың жеңімпазы 5-тамыз күні белгілі болады.

А

Пікір жазыңыз