Шайбалы хоккейден Венгрияда мәресіне жеткен бірінші дивизиондағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша  үшінші орынды місе тұтқан Қазақстан, элитаға жол ашатын жолдамадан құр қалды. Еншісіне 11 ұпай жазған Ұлыбритания турнир жеңімпазы атанса, екінші орынды иеленген Иатлияның есебінде 9 ұпай. Ендігі  жылы бұл екі құраманы элиталық дивизионды құрайтын мықтылар арасында өтетін  ӘЧ  көретін боламыз.       

 

Қазақстан құрамасына келсек, Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері де Италия сияқты 9 ұпай жинаған. Бірақ өзара кездесудің нәтижесі бойынша аппениндік хоккейшілерді алға жіберуге мәжбүр болды. Естеріңізде болса екі команда арасындағы теке-тірес 0:3 есебімен Италияның пайдасына шешілген еді. Төртінші орынға тұрақтаған Венгрияның есебінде -жеті ұпай.

 

Бір қызығы,  ағылшындар  былтыр ғана әлемдік хоккей аясында  үшінші санатқа жататын В тобында өнер көрсеткен еді. Енді міне,  А  тобында  бір сәтке де кідірмеген Ұлыбритания  ең жоғары  дивизионға бір-ақ  секірді.

Ал  элиталық  дивизионға соңғы рет 2015 жылы бас сұғып қайтқан хоккейшілерімізді, ол жақтан қашан көретініміз тек алдағы уақыттың еншісінде.

 

 

Пікір жазыңыз