Міне, жаңалық деп осыны айтыңыз! Бұл жөнінде аралас жекпе-жектен қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, өзінің инстаграммадағы ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды Qsport.kz порталына сілтеме жасаған SportX.kz.
Қазақ елінде ММА спортының етек жаюына өз үлесін қосқан Ардақ Назаров, сегізбұрыштағы соңғы жекпе-жегін 2011 жылы MMA Xplosion — International Team Challenge турнирінде өткізіпті. Сол турнирде Назаров Дэйв Курчейнді нокаутпен жеңгені әлі есімізде.
2013 жылы әйгілі спортшы «Әлем Файтерс» кәсіпқой спорт мектебін ашып, соңынан ерген жастарды жекпе-жек өнеріне баулуды қолға алған еді. Содан бері Ардақтың спорт мектебі қабырғасында үлкен додаларда ел намысын қорғаған небір сайыпқыран спортшылар өсіп шықты. Туған інісі Бейбіт те аралас жекпе-жектен ерекше көзге түсіп жүрген жерлестеріміздің бірінен саналады.Жыл басында америкалық менеджер Брайан Батлермен келісім шартқа отырған Бейбіт,Titan FC турнирі аясындағы соңғы жекпе-жегінде Демаргос Джексонға дес бермеді.