Халықаралық футбол қауымдастықтары (ФИФА) Лондонда жылдың үздік футболшыларын марапаттау рәсімін өткізді. «The Best» сыйлығына биылғы жылы мадридтік «Реал» сапында өнер көрсететін Хорватия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич ие болды, деп хабарлайды SportX.kz.
Хорватия футболы үшін биылғы жыл өте табысты болды. Ресейдегі мундиальға ортаңқол құрамалардың қатарында барған Хорватия айды аспанға шығарды. Лука Модричпен оның командасы әлемдік доданың ақтық сынында өнер көрсетті. Корольдік клубтың жартылай қорғаушысы бұрын-соңды мұндай атаққа ие болмақ түгілі, үміткерлер тізіміне де іліккен емес. Сонымен Хорватияда футбол тойы одан әрі жалғасуда
Осыдан бірнеше күн бұрын FIFA жылдың үздік футболшысы атағынан үміткер футболшылар тізімін жариялаған болатын. Үздік үштікке «Ювентустің» сапына ауысқан Криштиану Роналду, «Реал» сапындағы хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модрич және «Ливерпульдің» мысырлық сұрмергені Мохамед Салах енген.
Міңне осы үш мықтының арасынан жолы болған Лука Модрич 2018-жылдың үздік футболшысы атанды.
Үздік футболшыны анықтау үшін ФИФА- аясындағы футбол клубтарының жаттықтырушылары мен капитандары және журналистер мен жанкүйерлер дауыс береді.
Әйелдер арасында «The Best» сыйлығына Марта ие болды. Фрнация құрамасының бас бапкері Дидье Дешам жылдың үздік жаттықтырушысы атанды.
Үздік қақпашы: Тибо Куртуа
Әйелдер командасының үздік жаттықтырушысы: Рейнальд Педрос
Жылдың үздік жанкүйерлері: Перу ұлттық құрамасы фанаттары
Перенц Пушкаш сыйлығы иегері: Мұхаммед Салах
Fair Play марапатының иегері: Леннарт Ти
«FIFA 2017» үздік футболшылар құрамы:
Давид Де Хеа («Манчестер Юнайтед»); Серхио Рамос, Марсело, Рафаэль Варан (бәрі де – «Реал»), Дани Алвес (ПСЖ); Лука Модрич («Реал»), Нголо Канте («Челси»); Криштиану Роналду («Ювентус»), Лионель Месси («Барселона»), Эден Азар («Челси»), Килиан Мбаппе (ПСЖ).