Жылдың үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» жүлдесі өз иесін тапты. Мұндай құрметті атаққа мадридтік «Реал» сапында өнер көрсететін хорватиялық футболшы Лука Модрич лайық болып шықты, деп хабарлайды SportX.kz.
Биылғы жылы мәртебелі жүлде үшін талас жылдағыдай тарысты болмады. Ашып айтқанда соңғы он жыл бойы «Алтын допты» өзара бөлісіп келе келген Месси мен Роналдудың заманы өткен сыңайлы. France Football басылымы тағайындаған жүлде бұл жолы Лука Модричке бұйырыпты. Бір сөзбен айтқанда қазылар алқасы жылдың үздік футболшысы атағына Лука Модричті лайық деп таныпты.
Лука Модричтің биылғы жеткен жетістіктері аз емес. Хорватия құрамасы сапында әлем чемпионатының күміс жүлдегері және мундиальдың үздік футболшысы атанды. Мұынмен қоса «Реал» қатарында чемпиондар лигасында ұтты. Не керек он жыл бойы атақ-даңқты өзара бөлісіп, футбол әлемін билеп- төстеген қос саңлақ Месси мен Роналду бұл жолы бас бәйгені хорватқа шаппай берді.