Швеция чемпионатында керемет гол соғылды. Көрген жұрттың таңдайын қақтырған голды «Эстерсундтің» шабуылшысы Дино Исламович соқты, деп хабарлайды SportX.kz.
Жалпы Исламович осы ойында «Броммапойкарнаның» қақпасына үш гол салды. Соның екіншісі орындалуы жағынан сондай керемет гол болып шықты. Исламовичтің алаң ортасынан шірене тепкен добы қақпаның тоғыздығынан бір-ақ шыққан. Әдемі гол тіркелген матч 3:1 есебімен аяқталды.
— Drafts 2.0 (@drafts_2) 26 сентября 2018 г.