Денсаулығына байланысты уақытша үзіліс алған британиялық велошабандоз Марк Кавендиш Dimension Data командасымен келісім шартты ұзартты, деп хабарлайды SportX.kz
Көпкүндік супервелодода Тур де Франс кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, 33-жастағы британиялық спринтер 2016 жылдан бері африкалық Dimension Data клубының намысын жыртып жүр.
Өкініштісі, ескі жарақаттары сыр бере бастаған әйгілі шабандоз соңғы жылдары жоғары деңгейде өнер көрсетуден қалып барады. Мысалы, соңғы екі жыл шеңберінде тек екі жарыста олжа салыпты.