Ресейлік әйгілі хоккейші Александр Овечкин құдіреті күшті футбол өнерін бағалай білетін спортшылар қатарынан екен. Ұлттық хоккей лигасының жұлдызы, бразилиялық футбол баһадүрі Неймарға ерекше тарту жасады, деп хабарлайды SportX.kz.
«Вашингтон» хоккей клубының капитаны Александр Овечкин Лэндоверде (АҚШ) өткен Бразилия мен Сальвадор арасындағы жолдастық матчты тамашалауға келіпті. Кездесу соңынан ресейлік хоккейші пентакампеондардың белді шабуылшысы Неймарға өзінің спорттық жейдешесін сыйға тартты. Футболшы да қарап қалмай, танымал хоккейшіге өзінің бутсысын сыйлады.
«Федэкс-филд» стадионында өтен жолдастық кездесуде Неймар гол соғып қоймай, үш рет нәтижелі пас шығарып берді.