Әйгілі боксшы баласы үшін чемпиондық белбеуін сатуға мәжбүр

Ұлыбританиялық боксшы Ронни Кларк чемпиондық белбеуін интернет-магазинге (Ebay) сатылымға қойды, деп хабарлайды SportX.kz.

IBF тұжырымының екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Рождество мерекесінде ұлына сыйлық жасау үшін осындай қадамға барып отыр. Оның үстіне алдын-ала жоспарланған кезектегі жекпе-жегі қарсыласының жарақат алуына байланысты өткізілмей қалған. Қаржыдан қысылған 33-жасар шотландиялық боксшы қолтаңбасы қойылған чемпиондық белбеуін сатып алушының үйіне өзі жеткізіп беруге дайын.

Белбеудің лоттағы бастапқы құны 1050 фунтты құрапты.

 

Пікір жазыңыз