Юлияның екпіні күшті

Қазақстанның үздік теннисшісі Юлия Путинцева Вашингтондағы (WTA) дәстүрлі турнирде сәтті өнер көрсетуде. Жүлде қоры 250 000 АҚШ долларын құрайтын жарыстың кезекті айналымында жерлесіміз америкалық Дженнифер Брэйдиден басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

Алғашқы сетте едәуір қарсылық көрсетіп баққан жергілікті теннисші уақыт өте Юлияның екпініне төтеп беруден қала бастады. Нәтижесінде екі сеттегі ойын- 7:5 және 6:2 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Алдағы ширек сында Юлия Путинцева Ролан Гарростың 2009-жылғы жеңімпазы ресейлік теннисші Светлана Кузнецовамен кездеседі. Бұған дейін екі теннисші өзара екі рет кездескен. Әзірге есеп тең-1:1.

Пікір жазыңыз