Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабы жазғы Азия ойындарына баратын команда құрамын анықтады, деп хабарлайды SportX.kz .
Ерлер құрамасы сапына: Елдос Сметов (60 келі), Елдос Жұмақанов (66 келі), Жансай Смагұлов (73 келі), Дидар Хамза (81 келі), Ислам Бозбаев (90 келі), Виктор Демьяненко (100 келі), Санжар Жабборов (+100 кг) және Ерасыл Кажыбаев сынды балуандар еніпті.
Бас жаттықтырушы Айдын Смағұлов пен оның командасы алдында тұрған мақсат -бір алтын, бір күміс және бір қола жүлде.
Әйелдер додасында ел намысын: Галбадрах Отгонцэгцэг (48 келі), Кәмшат Қарасайқызы (52 келі), Севара Нышанбаева (57 келі), Иоланта Бердібекова (63 келі), Зере Бектасқызы (70 келі), Зарина Райфова (78 келі) және Гүлжан Исанова (+78 келі) қорғайды.
Жаттықтырушылар штабы ұлттық құраманың белді балуандары 2014-жылғы АзияПросмотреть (откроется в новом окне) ойындарының жеңімпазы Елдос Сметов пен Рио олимпиадасының жүлдегері Галбадрах Отгонцэгцэгке үміт артады.