«БИІК-Казығұрт» дайындықты күшейтуде

Шымкенттік «БИІК-Казығұрт» футбол клубы Испанияның «Барселонасымен» өтетін қарымта матч алдында жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды SportX.kz.

Болгариялық маман Калоян Петков жетекшілік етіп жүрген «БИІК-Казығұрт» жолдастық бәсекеде Литваның «Гинтра Университетас» клуыбмен тең ойнады. Литва елінде өткен матчтағы есеп-2:2. Біздің команда сапында — Гульнара Габелия мен Светлана Бортникова көзге түссе, алаң иелерінің мергені  Леандра Вилома Смеда қос голдың авторы атанды.

Естерңізге сала кетсек, шымкенттіктер УЕФА чемпиондар лигасының плей- офф кезеңінің  алғашқы матчында Испанияның «Барселонасын» тізе бүктірді. Шымкентте өткен бәсеке 3:1 есебімен аяқталды

Екі клуб арасындағы қарымта матч 26- қыркүйек күні Испанияда өтеді.

 

Пікір жазыңыз