«Жаңалық»деп осыны айт!

Телерадиокорпорация «Казақстан» мен ММА әлеміндегі ең үздік һәм танымал компания UFC өзара бір жарым жылдық келісім шарт жасасты. Екі жақты келісім бойынша «Қазақстан»  танымал промоушен турнирлерін көрсету құқығына ие болды, деп хабарлайды SportX.kz.

Бұл жөнінде баспасөз мәслихаты барысында «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин мәлімдеді.

«Қазақстан» телекорпарациясы қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында Qazaqstan және Qazsport телеарналары арқылы әлемге әйгілі спорттық ұйымның 14 турнирін көрсетеді. Оның ішінде  6-қазан күні Лас- Вегаста өтетін UFC 229 аясындағы Конор Макгрегори (Ирландия) мен Хабиб Нурмагомедовтің (Ресей) жекпе-жегі де бар.

Жалпы 2019 жылы телекорпорация 40 астам жарысты көрсетуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар аралас жекпе-жектен қазақстандық танымал мамандардың қатысуымен арнайы студиялық хабарлар дайындалатын болады.

 

Пікір жазыңыз