Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин US Open екінші айналымында, мәртебелі турнирге 23- нөмірмен терілген оңтүстік кореялық теннисші Хен Чонды жарыстан тыс қалдырды, деп хабарлайды SportX.kz.
Сарапшылар мен мамандар бұл ойында кәрістің жеңісіне шүбә келтірмеген. Дегенмен корттағы ойын барысы мен оның нәтижесі мүлдем басқаша шықты. Тай-брейкке ұласқан алғашқы сет- 7:6 есебімен Кукушкиннәің пайдасына шешілді. Қалған екі кезең бойы ойын тізгінін қолдан шығармаған еліміздің үздік теннисшісі фаворит саналған қарсыласын жарты жолда қалдырып, турнирдің келесі сатысына көтерілді. Есеп- 7:6, 6:2 және 6:3.
Ашық чемпионаттың келесі айналымында Михайл Кукушкин аустралиялық Джон Милланмен кездеседі. Егер осы бәсекеде Милланнан айласын асырып жатса, онда қазақ теннисшісі әйгілі Роджер Федерермен күш сынасатын болады.
.