Статистика деген қызық қой, үңіле берсеңіз қайдағы жоқты тауып аласыз. Қазақстандық клубтар жасыл алаңда жарқылдамаса да оларға қатысты көңілге қонарлық статистикалар бар екен. Мысалы, «Астана» қақпаға соққы жасаудан Еуропадағы үздік үштіктің қатарына еніпті, деп хабарлайды SportX.kz.
Астаналық футбол баһдүрлері үш матчта 59 соққы жасаған. Орта есеппен алғанда әр ойынға 19,67 соққыдан келеді. Оның 23-і қақпаға дәл бағытталса, 27-і қиыс кетіп, қалған тоғыз соққыға қарсыластары тосқауыл қоя білген.
Қарсы қақпаға соққы жасаудан Еуропада Польшаның «Легия» клубы ( 68-17-21-32-15) ерлеп тұр. Екінші орында Молдованың «Шерифі» (56-14-19-30-7).
Бүгін «Астана» Данияда жергілікті «Мидтьюлланд» клубымен екінші рет кездеседі. Еуропа чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы ойын 2:1 есебімен астаналықтардың жеңісімен аяқталған еді.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»