2024-жылы Германияда үлкен футбол тойы өтеді

Футболдан 2024-жылғы Еуропа чемпионатын Германия қабылдайды, деп хабарлайды SportX.kz.

Еуропа футбол қауымдастықтары Одағының (УЕФА) атқару комитеті ұйымның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде өткен мәжіліс қорытындысы бойынша Еуропа чемпионатын Германияда өткізу жөнінде шешім қабылдапты. 2024-жылғы Еурододадан Түркия да үмітті болған. Бірақ УЕФА таңдауы Германияға түсіпті.

Еуропа чемпионаты Германияда осымен екінші рет өткізілмек. Алғаш рет құрлық біріншілігі неміс жерінде 1988 жылы өткізілген.

2020-жылғы Еуропа чемпионаты бірден 12 мемлекетте өтеді. Мұндай ерекше формат Еурододаның 60-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Өкінішке орай 2020-жылғы футбол тойын қабылдайтын қалалар тізімінен біздің шаһарларға орын бұйырмапты.

 

Пікір жазыңыз