Ауыр атлетикадан 2021-жылғы әлем чемпионаты Перу астанасы Лимада өтетін болды, деп хабарлайды SportX.kz.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) өзінің арнайы сайтында осылай деп хабарлайды.
Мұндай шешім IWF атқару комитетінің Ашхабатта (29-30 қараша) өткен мәжілісінде қабылданған.
Естеріңізге сала кетейік, 2018- жылғы әлем чемпионаты ертең Түрікменстан астанасында жалауын көтереді.