Үйде жеңдік-ау, сырт алаңда…..

Астаналық футболшылар Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында 2:1 есебімен голландиялық «Мидтьюлланд» клубынан басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

«Астана Аренадағы» кездесу мәнерлеп сырғанаудан Сочидегі ақ ойындардың жүлдегері Денис Тенді еске алудан басталды. Алма-кезек шаубылға ұласқан ойындағы алғашқы голды алаң иелері салды. Кездесудің 31-минутында венгриялық легионер Ласло Кляйнхайслердің  алыстан шірене тепкен добы қонақтар қақпасынан табылды. Үзілістен кейінгі ойын сәтінің бірінде «Астананың» қорғаныс шебін бұза-жара алға ұмтылған даниялық футболшы Викхейм таразы басын теңестіріп кетті. Осы голдан кейін шабуылды мықтап қолға алған алаң иелері, қосымша уақыттың соңғы минуттары жылжыған тұста голландиялық клубты сан соқтырып кете барды. Тағы да сол Ласло Кляйнхайслер көзге түсіп, өз алаңында минимальды есеппен жеңіске жеткен «Астана» енді қарымта матчты күтетін болады.

 

Пікір жазыңыз