14.12 метрге секіріп, алтыншы орынға жайғасты

Ослода бас қосқан әлемнің үздік жеңіл атлеттері «Гауһар лига» жүлделерін  сарапқа салды. Осы сында өнер көрсеткен қазақстандық Ольга Рыпакова жарысты алтыншы нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды SportX.kz.

Үш қарғып секіру  секторында  негізгі тартыс колумбиялық Катрин Ибаргуэн мен америкалық Тори Франклин арасында өрбіді.Дегенмен кезекті әрекетінде 14,89 метрге қарғыған Ибаргуэн Норвегиядағы доданың бас бәйгесін еншілеп кетті.14,57 метрді бағындырған Франклин күміс,ал14,50 метрге секірген жамайкалық атлет Кимберли Уильямс қола жүлдегер атанды.Олимпиада чемпионы, еліміздің үздік атлеті Ольга Рыпакова бұл жолы алтыншы орынды қанағат қылды.Ослодағы жарыс Ольга үшін  биылғы маусымдағы алғашқы ресми турнир болды.

 

Пікір жазыңыз