1:0 нәтиже емес. Алдымызда Қаратау тұр!

Астана» футболшылары Чемпиондар лигасының іріктеу раунды аясындағы алғашқы матчта 1:0 есебімен черногориялық «Сутьеска» клубынан басым түскенді. 19-шілдеге қараған түні қос команда өзара қарымта ойын өткізеді, деп хабарлайды SportX.kz.

Астанадағы тартысты өткен матч тағдырын пенальтиден соғылған  жалғыз гол шешіп бергені есімізде. Бұл жолы қалай болады?  Алғашқы ойынның нөтижесіне қарап тон пішсек, астаналық футболшыларға сырт алаңдағы бәсеке оңай түспейін түрі бар. Әдетте, алаң иелері  өз жанкүйерлері алдында барын салып ойнайтыны белгілі. Оның үстіне Астанада тіркелген минимальды нәтиже, жергілікті футболшыларды одан әрмен жеңіске итермелейтіні сөзсіз. Бұған қазақстандық клубтардың болмайтын жерде бүлініп қалатын жаман әдетін қосыңыз. Әйтседе халқымыз «Жақсы сөз-жарым ырыс» дейді. Сондықтан Черногорияның Никшич қаласына жол тартқан «Астана» клубына сәтті сапар тілейік!

Халық саны бойынша Черногориядағы екінші қала саналатын Никшичте бары-жоғы алпыс мыңға жуық тұрғын тұрады. «Сутьеска» өз ойындарын осы шаһардағы сыйымдылығы 10 мың 800 көрерменге арналған «Край Бистрице» стадионында  өткізеді. «Сутьеска» — «Астана» арасындағы қарымта матч шілденің 18 нен 19 қараған түні  Астана уақыты бойынша 00:00 басталады. Қос кездесудің нәтижесі бойынша жеңіске жеткен команда, екінші раундта даниялық «Мидтъюлланд» клубымен күш сынасады.

Пікір жазыңыз