Қазақстанның үздік шахматшыларының бірі Динара Сәдуақасова ұлттық рекордтарды жаңартуын әлі жалғастыруда. ФИДЕ тамыз айында жариялаған жаңа рейтинг кестесінде Динара әлем бойынша 12-сатыға көтерілді, деп хабарлайды SportX.kz.
Бұған дейін қазақстандық шахматшылардың бірде-бірі мұндай жетістікке қол жеткізген емес. Астаналық шахматшының шілде айындағы нәтижесі Эло рейтинг жүйесі бойынша 2495 баллды құраған. Бұл ерлердің гроссмейстерлік межесінен сәл ғана төмен. Ерлер де бұл меже 2500 баллға тең. Дүниежүзі бойынша мұндай өте жоғары рейтингпен мақтана алатын бұрымды шахматшылар саусақпен санарлықтай. Дәлірек айтсақ ондай арулардың саны он бір екен.
Жансая Әбдімәлік еншісіндегі 2481 баллмен жаңа тізімде 16-орынға жайғасыпты.