US Open: Зарина Дияс — Каролина Плишкова

Алдағы дүйсенбіде Нью-Иоркте (АҚШ) дәстүрлі US Open турнирі жалауын көтереді. Осыған орай «Үлкен Дулыға» аясындағы турнирдің негізгі додасына қатысты жеребе тастау рәсімі өтті, деп хабарлайды  SportX.kz.

Американың биылғы ашық біріншілігінде Қазақстан атынан үш теннисші өнер көрсетеді. Олар- Михайл Кукушкин, Зарина Дияс және Юлия Путинцева. Жарыстың іріктеу сынына қатысқан теннисшіміз Елена Рыбакина, өкінішке орай негізі сеткаға өте алмады. Елена екінші айналымда голландиялық Аранча Рустан жеңіліп қалды. Есеп-6:2,6:2.

Жеребеге көз жүгіртіп өтсек, Михайл Кукушкин, кестенің төменгі бөлігінен табылыпты. Кестенің төменгі бөлігіндегі теннисшілер арасынан әлемнің екінші ракеткасы Роджер Федерерді атап кетуге болады. Жерлесіміз ашық чемпионаттың бірінші айналымында, ұйымдастырушылар тарапынан «уайлд-кард» алған америкалық Ноа Рубинмен кездеседі.

Еліміздің бірінші ракеткасы Юлия Путинцева да алғашқы ойынын жергілікті теннисші Бернарда Пераға қарсы өткізеді. Ал, Зарина Диясқа оңай қарсылас жолықпаған сияқты. Қазақстанның үздік экс-ракеткасына, Чехияның әйгілі һәм атағы жер жарған шебері Каролина Плишкова тап болыпты.

 

Пікір жазыңыз