Шахматшыларымыз Иранға жол тартты

Бүгін Иранның Хамадан қаласында шахматтан Азия ұлттары кубогы аталатын командалық турнир жалауын көтерді, деп хабарлайды SportX.kz.  
Хамадандағы командалық турнирге қатысушылар  классикалық шахмат, рапид және блиц бойынша сынға түседі.
Турнирде — Бангладеш, Ауғанстан, Қытай, Моңғолия, Қазақстан, Үндістан, Ирак, Оман, Вьетнам, Сирия, Өзбекстан және тек Иранның өзінен үш команда өнер көрсетеді. Турнир 4- тамызға дейін жалғасады.

 

Қазақстан ерлер құрамасы: 

GM Ринат Жұмабаев, ЭЛО рейтингісі 2594
GM Мұртас Кажгалеев, 2575
IM Денис Махнев, 2437
GM Петр Костенко, 2444
GM Ануар Исмағамбетов, 2529

Қазақстан әйелдер құрамасы:

IM Жансая Абдумәлік, 2488
IM Динара Садуақасова, 2489
WIM Гүлмира Дәулетова, 2287
WGM Гулисхан Нахбаева, 2352
WFM Әсел Серікбай, 2179

 

 

 

 

 

 

Пікір жазыңыз