Чибурданидзенің сіңлілері қазақ қыздарына ұтылды

Батумиде Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы жалғасуда. Байрақты доданың 8- турында еліміздің әйелдер құрамасы грузиялық шахматшылармен ой жарысқа түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

Грузия шахматы жайлы көп айтуға болады. Кезінде Гаприндашвили, Иоселиани, Чибурданидзе сынды гроссмейстерлер өз өнерлерімен күллі әлемді тәнті еткені есімізде. Гүржістанда әлі күнге шахмат спортына деген көзқарас ерекше. Әлемдік доданың Батуми қаласында өтуі де бекер емес. Чемпионатқа төртінші нөмірмен терілген Грузия құрамасы 8- турда қазақ қыздарын сынаққа алды.

Бірден айтайық, екі команда арасындағы бәсекеде ешкім күтпеген нәтиже тіркелді. Жансая Әбдімәлік пен Гулмира Дәулетова қарсыластарынан мерейін асырса, Динара Сәдуақасова мен Гүлісхан Нахбаева өз кездесулерін тең ойынмен аяқтады. Есеп- 3:1

 

Пікір жазыңыз