«Астана»БК америкалық қорғаушыны шақырыпты

Президенттік «Астана» баскетбол клубы америкалық қорғаушы Стефан Холтпен келісімшарт жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды SportX.kz. 

Америкалық гулливер бұған дейін аустралиялық «Буллетс» клубы сапында өнер көрсеткен.Тағы бір белгілі болғаны Стефан Холт астаналық клубтың қазіргі жаттықтырушысы Эмиль Райковичтің қол астында жаттыққан болып шықты. Ол кезде америкалық қорғаушы Польша чемпионатында ойнаған. Клуб пен баскетболшы арасындағы келісімшарт маусым соңына дейін есептелген.

Медициналық тексеруден өткен бойда Стефан Холт жаңа клубы сапындағы алғашқы жаттығуға кірісіп кетті.

Бас демеуші — «Самұрық — Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз