Алтайдың арулары әлем чемпионатына барады

Әйелдер командалары арасында еліміздің чемпионы «Алтай» (Өскемен) биылғы клубаралық әлем чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды SportX.kz.

Өскемендік клуб Қытайда өтетін әлемдік додаға арнайы шақыру алды. Қазақстан волейболы тарихында  бұған дейін әлем чемпионатына барған команда болған емес. Өскемендік ұжым ӘЧ қатысатын тұңғыш қазақстандық команда атанып отыр. Әлемнің клубаралық чемпионатында барлық континенттерден  алты немесе сегіз ерлер және әйелдер командалары өнер көрсетеді. Өз құрлығында чемпион атанған командалар бірден жолдамалы болса, оған қоса Халықаралық волейбол федерациясы 1-2 wild-card беретіні бар. Міне, осындай бір арнайы шақыру қағазы біздің клубтың қолына тиіп отыр.

Әйелдер арасындағы клубаралық чемпионат жыл соңында Қытайда өтеді. Соңғы үш жыл бойы әлемдік додада түркиялық волейболшылар үздік атанып жүр.

 

Пікір жазыңыз