Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының белді балуаны Алмат Кебіспаев өз салмағы бойынша әлемдік рейтингте көш бастады, деп хабарлайды SportX.kz.
67-келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынға көтерілген Алматтың есебінде -52 ұпай. Екінші сатыда Рио олимпиадасының чемпионы кубалық Исмаэль Молина (47 ұпай), ал жапон балуаны Цучик Шимоямада (36 ұпай) бұл тізімде үшінші орында.
Жалпы Алмат Кебісбаев биылғы жылы сәтті өнер көрсетіп жүр. Иранда өткен Әлем кубогы жолындағы жарыста топ жарса, осы жақында аяқталған Венгриядағы Гран-приде қола жүлдеге ілікті.
Тағы үш балуанымыз өз салмақтарында жоғары орындардан көрініпті. 55-келіге дейінгі салмақта алдына тек түрік Экрем Өзтүрікті жіберген Қорлан Жақанша және Демеу Жадраев (72келі) пен Хусейн Муцольгов (87келі) жаңа рейтингте екінші орыннан табылыпты.