Алмагүл алтыннан алқа тақты

Шахматтан Филиппиндер елінде өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жүлдегерлер белгілі болды, деп хабарлайды SportX.kz.

 

Жылдам шахматтан (рапид) сынға түскен үміткерлер додасында шығысқазақстандық Алмагүл Шәкеева үздік нәтие көрсетіп, Азия чемпионы деген атақты жеңіп алды. Алмагүл финалдық бәсеклерде Жаңа Зеландия және Филиппиндер елі атынан сынға түскен шахматшыларға дес бермеді. Шахматтың осы түрінен өз күшін сынап көрген жерлесіміз Айтқазы Баймурзин де Азия жүлдегері атанды.

Алдағы күндер Азияның озық ойлы спортшылары классикалық үлгідегі шахматтан сынға түсетін болады. Азия чемпионаты 12- қарашаға дейін жалғасады.

 

Пікір жазыңыз