2026-жылғы мундиальды Солтүстік Америка қабылдайды

Мәскеуде өткен ФИФА конгресінде 2026 жылғы Әлем чемпионатын қабылдайтын елдер анықталды. Мұндай құрметке АҚШ, Канада және Мексика мемлекеттері ие болды, деп хабарлайды SportX.kz.

Жоғарыда аталған үш ел XXIII-әлем чемпионатын бірлесіп өткізуге өтініш жасаған еді.Шынын айтқанда  олармен бәсекеге түсе алатын үміткерді байқамадық. Соңғы сәтке дейін мундиаль қожайыны атағынан үміткер болып келген Марокко, дауыс беру нәтижесі бойынша АҚШ бастаған үштіктен әлдеқайда қалып қойды.Солтүстік Америка елдері 134 ұпай жинаса, Марокконы қолдаған делегаттар саны 65 тен аспады.

2026-жылғы футбол тойы 23 қалада өтеді. Бұл мемлекеттердегі стадиондардың дайындығы һәм инфроқұрылымы футбол мерекесін қабылдауға дайын. Сондықтан көп қаржы керек етпейді. Чемпионаттың алпыс матчы АҚШ территориясында өтсе, қалған 20 матч Канада мен Мексиканың үлесіне тиіп отыр.  Мұхиттың арғы бетіндегі елдер,әлемдік футбол тойынан шаш етектен пайда табуды көздейді. Олардың есебінше  бұл сома 11 млд долларды құрауы мүмкін.

Пікір жазыңыз