Қырыққа таянса да шаршы алаңға ұмтылады

Сегіз салмақ бойынша әлемнің экс-чемпионы Мэнни Пакьяо боксты доғаратын түрі жоқ. Филиппиндік боксшы жаңа жылдың алғашқы айында, кезінде төрт бірдей дивизионның белбеуін иеленген Эдриен Бронермен  жұдырықтаспақ, деп хабарлайды SportX.kz.

Пакьяоның айтуынша алдағы бәсеке Қаңтардың 12 немесе 19 күндері Лас-Вегаста өтуі тиіс. 39-жастағы Пакьяо өзінің соңғы жекпе-жегінде Лукас Маттиссті нокаутпен ұтып, жартылай орта салмақ бойынша WBA Regular белбеуін иеленген.

Оның қарсыласы Бронер үстіміздегі жылдың сәуірінде Джесси Варгаспен қолғап түйістіріп, тартысты өткен бәсеке тең есеппен аяқталған.

Пікір жазыңыз